Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев ширек финалға шықты
Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың ширек финалына шықты
Париж Олимпиадасының дзюдодан ерлер арасында 66 кг дейін салмақ дәрежесінде Ғұсман Қырғызбаев 1/8 финалдық кезеңіндегі белдесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Ол 1/8 финалдық бәсекеде екі дүркін Олимпиада жүлдегері Оңтүстік Корея елінің өкілі Ан Ба Улмен кездесу өткізді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан айласын асырып, ширек финалға жолдама алды.
Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға өту үшін франциялық Валид Хярамен белдеседі.