Жаңалықтар

ПАРИЖ-2024: Құрбанов 1/8 финалына шықты

Қазақстандық спортшы семсерлесуден қарсыласынан басым түсті

Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп жатқан Руслан Құрбанов марокколық Хуссам Элкордпен кездесті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 
 

Жарыс қазақстандық спортшының пайдасына 15:13 есебімен аяқталды. 

Оның ендігі қарсыласы – Олимпиада чемпионы, франциялық спортшы Ромен Каннон.