Бокс

Бокстан құрама капитаны Олимпиадада жеңіліс тапты

Асыланбек Шымбергенов Олимпиада ойындарын жеңіліспен аяқтады

Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 71 кг дейін салмақ дәрежесінде Асыланбек Шымбергенов бірінші кездесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Асыланбек Шымбергенов 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Алғашқы айналымда қазақстандық боксшы нигериялық Зейяд Ишаишпен шеберлік байқасты.

Нәтижесінде төрешілердің шешімімен (28:29, 27:30, 30:27, 28:29, 30:27) отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды.