Құрбанов жапондық Каноға есе жіберді
Қазақстан семсерлесу құрамасының спортшысы жартылай финалға шыға алмады
Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Руслан Құрбанов Токио Олимпиадасының чемпионын ұтып, турнирдің 1/4 финалында жапондық Кано Кокиден жеңіліп қалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Жарыс жапондық спортшының пайдасына 15:6 есебімен аяқталды.
Дода ұзақтығы 14 минут 20 секундты құрады.