Күрес

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы тарихи жетістікке қол жеткізді

Дзюдодан 66 кг дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жүлдесіне ілікті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Ғұсман Қырғызбаев – 66 кг дейін салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол қола жүлде үшін таласта Бунчич Страхиньядан басым түсті.

Айта кетейік, кеше, 27 шілдеде Елдос Сметов дзюдодан 60 кг дейін салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы атанған болатын.