Скалони: «Егер Месси алаңға шықпаса, онда бәрі өзгереді»
Аргентина Ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалони Америка Кубогы кезінде жарақат алған Лео Мессидің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.
«Мессиге қатысты шешімді әлі шығармадық. Әзірге Хулиан Альварес пен Лаутаро Мартинеске дең қойып отырмыз. Месси алаңға шықпаса, ойынды екеуі бастап кете алады. Егер Лео ортамызға оралмаса, онда бәрі өзгереді. Оған уақыт беріп, соңғы күнге дейін күткеніміз екі тарапқа да оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Оқу-жаттығу жиындарының алдында онымен жеке кездесіп бір шешімге келеміз»,- дейді Скалони.
Айта кетейік, Лионель Месси Америка Кубогының топтық кезеңінің екінші раундында Чилиге қарсы ойында бұлшық ет жарақатын алып, алдағы ойындардан шеттетілген болатын.