Футбол

Мбаппенің «Реал Мадридтегі» таныстырылымы қалай өтеді?

Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппенің Мадридтік «Реалдағы» алғашқы таныстырылымына қатысты жаңа ақпараттар шықты.

Еуро-2024 Чемпионатындағы Франция құрамасының нәтижесіне қарамастан, таныстырылым «Сантьяго-Бернабеу» стадионында 16 шілдеге жоспарланып отыр.

Стадионның ортасына сахна орнатылады. Сахнаға барар жолда жолақтың екі жағынан футболшыны от шашу мен танымал музыкалық топ сүйемелдейді. Нәтижесінде, Мбаппені «Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес пен клубтың құрметті президенті Хосе Мартинес Санчес қарсы алады. Сахнаға жақын орнатылған арнайы аймақта ойыншының отбасы мен іс-шараның құрметті қонақтары таныстырылымды тамашалай алады.