Жаңалықтар

Қазақстандық жүзгіш Олимпиада жүлдесіне іліге алмады

Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасының жүлдесін ала алмады

Жүзу спортынан Қазақстан құрамасының спортшысы Ксения Игнатова Париждегі Олимпиада ойындарына қатысты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Ксения Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден бақ сынасты. Ол бұл сайыста екінші болып келген. Бірақ жартылай финалға өте алмады. 

Іріктеу кезеңінің нәтижесінде жартылай финалға үздік нәтиже тіркеген 16 спортшы өтті. Ал отандасымыз 26-орын алып, жүлде үшін күресті аяқтады.