Жаңалықтар

Ел қоржынына жүлде салған мерген қыз миллионер атанды

Александра Ле Олимпиадада сәтті өнер көрсеткені үшін қанша сыйақы алады?

Қазақстандық мерген Александра Ле Париж Олимпиадасы аясында ату спортынан финалдық кезеңде өнер көрсеткені үшін сыйақыға ие болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Пневматикалық мылтық атудан (10 метр) қазақстандық спортшы 165,4 ұпай жинақтап, 6-орынға ие болды.

Елімізде Олимпиада ойындарында алтыншы орын алған спортшыларға 5 мың АҚШ доллары (2,4 миллион теңге) мөлшерінде сыйлықақы қарастырылған.

Бұған дейін қазақстандық мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық дуэтте қола жүлдеге ие болған. Бұл осы байрақты бәсекеде ел қоржынына түскен алғашқы жүлде болып саналады. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының қола жүлдегеріне 75 мың доллар көлемінде сыйақы көзделген.

Осылайша, Париждегі байрақты бәсекеде қазақстандық мерген 80 мың АҚШ доллары (37 миллион теңге) мөлшерінде табыс тапты.

Сонымен қатар, Александра Ле Париж Олимпиадасында тағы бір медаль үшін сынға түседі. 1 тамызда қазақстандық спортшы мылтық атудан (50 метр) қатысады.