"Бір айдай асқазаным ауырды": дзюдошы жеңілісінің себебін түсіндірді
Дзюдошы Данияр Шамшаев өз жеңілісінің себебін түсіндірді
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Данияр Шамшаев Олимпиаданың алғашқы айналымындағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Париждегі Олимпиада ойындарындағы бірінші кездесуінде жеңіліп қалды.