Жаңалықтар

Олимпиада: 30 шілдеде қай спортшыларымыз Париж төрінде сынға түседі?

30 шілдеге арналған Олимпиададағы жарыс кестесі

Франция астанасы Париждегі Олимпиада ойындарының төртінші күні 7 қазақстандық спортшы сынға түседі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

30 шілдеге арналған жарыс кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):

12:00. Стенд ату (Трап). Іріктеу

Мария Дмитриенко

13:00. Дзюдо. 1/16 финал (ерлер, әйелдер)

Абылайхан Жұбаназар – Аттила Унгвари (Венгрия) 81 кг дейінгі салмақ.

Эсмигүл Куюлова – Лубьяна Пиовесана (Австрия) 63 кг дейінгі салмақ. Олимпиада жүлделері сағат 19:00-де сарапқа салынады.

14:15. Жүзу. 100 метр фристайл, іріктеу (ерлер)

Әділбек Мусин

19:18. Бокс. 1/8 финал

Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс

22:03. Садақ ату. Жекелей сын, 1/32 финал

Ильфат Абдуллин – Эрик Питерс

23:00. Бокс. 1/8 финал

Сәкен Бибосынов – Самет Гюмюш