Ерлер

Мбаппе қай клубты сатып алмақшы?

Мбаппе франциялық клубты сатып алуды көздеп отыр

"Реал Мадрид" пен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Францияның "Кан" клубын сатып алуға жақын, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Le Parisien басылымының мәліметіне сүйенетін болсақ, Мбаппе клубтың акцияларының бір бөлігін 20 миллион еуроға сатып алғаны туралы хабарланды.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе "Реал Мадрид" құрамына ресми түрде 16 шілдеде қосылды.