Футбол

QJ League – шоу емес – ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов

Әділет Барменқұлов QJ League-ның маңызына тоқталды

Жақында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Бәрменқұлов BorodAbata Youtube арнасына берген сұқбатында QJ League туралы өз пікірін білдірген болатын. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл сұқбатта Әділет Барменқұлов QJ League-ның шоу емес екенін, аса маңызды спорттық бағыт екенін атап өтеді.

Айта кетейік, Freedom QJ League Қазақстандағы кәсіби футбол клубтарының жастар командалары арасында элиталық деңгейдегі жарыстарды өткізеді. QJ League жеңімпазы УЕФА жастар лигасында Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болады.