Жүлде күтеміз бе? Бүгін ел намысын екі дзюдошы қорғайды
Қазақстан дзюдо құрамасының атынан екі спортшымыз күш сынасады
Ерлер арасындағы бәсекеде ел намысын 81 келі салмаққа дейін Абылайхан Жұманазар мен әйелдер арасынан күш сынасатын Эсмигуль Куюлова қорғайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Абылайхан жарыстың 1/16 финалында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері венгриялық Аттила Унгваримен кездеседі. Ал, Эсмигүлдің қарсыласы "Үлкен Дулыға" турнирінің екі дүркін жеңімпазы австриялық Лубьяна Пиовесана болмақ.
Бұл додалардың алғашқы көрсетілімі Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталып, QazSport арнасынан көрсетіледі.
Финалдың басталу сағаты- 19:00