Бокс

«Оның әрекетінде күш, қалау мен еркіндік бар» – Тұрсынғали Еділов

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бапкері Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жеңісіне қатысты пікір білдірді

Тұрсынғали Еділов Париждегі Олимпиада ойындары аясында екі мәрте жеңіске жеткен Мұхаммедсабыр Базарбайұлына қатысты өз пікірін білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Айта кетейік, кеше 63,5 келі салмаққа дейін бокстан 1/8 финалының турнирінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы тайвандық Лай Чу Енемен кездесіп, жеңіске жетті. 

Осылайша қазақстандық боксшы турнирдің ширек финалына жолдама алды.