Жаңалықтар

Қазақстан футболының музейі: футболдың жарқын тарихы

Қазақстан футбол федерациясындағы музейдің ерекшелігі неде?

Қазақстан футболының музейі – Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Назарбайұлы Барменқұловтың бастамасымен Қазақстан футболының 110 жылдығына орай құрылған ерекше кешен. 110 шаршы метрлік аумақты алып жатқан музейде 300-ге жуық экспонат жинақталған. Бұл экспонаттар еліміздегі футболдың жарқын тарихын көрсетеді, деп Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Музей экспозициясы

Музейдің экспозициясы 14 сөреден тұрады. Мұнда футбол жабдықтары мен арнайы доптар, ақпараттық блоктар және Қазақстан футболының танымал тұлғалары туралы мәліметтер бар. Мұражайда заманауи технологиялар да орнатылған. LED экран футболдағы тарихи фото-видеоларды көрсетеді, ал Touch Panel қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Қазақстандағы футболдың пайда болуы және дамуы туралы ақпарат береді. Сондай-ақ, Қазақстан футболының тарихындағы жаттықтырушылар мен олардың жетістіктері туралы мәліметтер де бар.

Еліміздегі футболдың алғашқы қадамдары

Қазақастанда футбол ХХ ғасырдың басында Семей қаласында бастауын алған. 1912 жылы ағайынды Смородинниковтар "Нептун" спорт клубын ұйымдастырды. 1913 жылы Семей қаласында "Ярыш" командасының құрылуымен футболдың тарихындағы алғашқы маңызды қадамдар жасалды.

Қазақстан футболының жарқын тұлғалары

Мұражайда Қазақстан футболының ең жарқын тұлғаларының бейнелері мен жетістіктері көрсетілген. Солардың қатарында:

Тимур Сегізбаев: "Қайрат" командасының аты аңызға айналған шабуылшысы және Қазақстан футболының аңызы.

Анатолий Ионкин: "Қайрат" құрамында ойнаған белгілі шабуылшы.

Сергей Квочкин: Қазақстан футбол тарихындағы ең жарқын шабуылшылардың бірі.

Сейілда Байшақов: Қазақстан футболының атынан алғаш болып КСРО ұлттық құрамасында ойнауға шақырылды.

Құралбек Ордабаев: Шымкент футболының тәрбиеленушісі, әйгілі қақпашы.

Қазақстан футболының музейі – ел футболының даму тарихын айғақтайтын ерекше кешен. Бұл жерде әрбір қонақ ел футболының дамуы мен бұл бағытта еңбек еткен тұлғалар туралы мәліметтерге қанық бола алады. Музейдің заманауи технологиялары мен бай экспозициясы футбол сүйер қауым үшін таптырмас құралы болары сөзсіз.