Жаңалықтар

«Менің бес алтыным бар» — Елдос Сметов

Халықаралық Дзюдо Федерациясы Елдос Сметов жайлы танымды материал дайындады

Халықаралық Дзюдо Федерациясы қазақстандық спортшы Елдос Сметов жайлы танымды мақала әзірледі. Dopmedia.kz тілшісі ағылшын тілінен қазақ тіліне аударып, арнайы материал ұсынып отыр. 

Елдос Сметов алғаш рет Варшавада өткен World Judo Tour турниріне 16 жасар бозбала болып келді. Ал бүгін араға 15 жыл салып 31-жасында Олимпиада чемпионы ретінде қайтып келді. Қазіргі таңда Елдос 2016 жылғы күміс және 2021 жылғы қола жүлде иегері. Сонымен қатар, биыл үздік төртжылдықтың додасында қазақстандық спортшының қоржыны алтын медальмен толықты. 

Бір спортшы қалай мұншалықты шыдамды бола алады? Қалай жыл сайын өзін шыңдап, алаңға оралып жетістікке жете алады?