31 шілдеге арналған Олимпиададағы жарыс кестесі
Бүгін қай спортшыларымыз жарыс жолына шығады?
Париж Олимпиадасының бесінші күнінде Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
31 шілдеге арналған жарыс кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):
11:00. Триатлон. Жеке жарыс (әйелдер), "Хабар" телеарнасы
Екатерина Шабалина (медаль үшін талас).
12:00. Оқ ату. Винтовкамен, 50 м, 3 позиция, іріктеу (ерлер)
Ислам Сәтбаев/Константин Малиновский.
12:00. Стенд ату. Трап, іріктеу, 2-күн (әйелдер)
Мария Дмитриенко. Финал 18:30-да басталады.
14:16. Бокс. 1/8 финал (ерлер), Qazaqstan телеарнасы
Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания). 57 кг.
18:00. Үстел теннисі. 1/8 финал, жекелей сын (ерлер)
Кирилл Герасименко – Омар Ассар (Мысыр).
20:30. Спорттық гимнастика. Көпсайыс, финал (ерлер), "Ел арна" телеарнасы
Милад Карими (медальға талас).
00:36. Бокс. 1/8 финал (әйелдер), Qazsport телеарнасы
Валентина Хальзова – Атейна Билон (Панама). 75 кг.