Жаңалықтар

Қазақстандық стенд атушылар үшін Олимпиада аяқталды

Ислам Сатпаев пен Константин Малиновский Олимпиаданың іріктеу кезеңіне өте алмады

Қазақстандық стенд атушылар Ислам Сатпаев пен Константин Малиновский Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінен сүрініп қалды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Спортшылар кіші калибрлі винтовкамен үш позицияда нысана көздеуден (50 метр) іріктеуге қатысқан болатын. 

Сәтпаев 588 ұпаймен 18-орын алса, Малиновский 586 ұпаймен жарысты 25-орында аяқтады. 

Финалға іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы сегіз спортшы жолдама алды.