Бокс

Боксшы Махмұд Сабырхан көпшілік күтпеген нәтиже көрсетті

Махмұд Сабырхан алғашқы айналымнан аса алмады

Париж Олимпиадасы аясында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан испаниялық Хосе Кильеспен кездесті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

1/8 финалдық кезеңде кездеске қос боксшы өзара мықтыны анықтады. Үш раундқа созылған кездесуде Махмұд Сабырхан қарсыласына 4:1 есебімен есе жіберіп қойды.

Ширек финалда испаниялық боксшы Хосе Кильес өзбек боксшысы Абдумалик Халоковқа қарсы жұдырықтасады.