Хоккей

"Номад" хоккей клубына жаңа ойыншы келді

Саян Данияр "Номад" хоккей клубына ауысты

Елордадалық "Номад"хоккей клубы Саян Даниярмен келісімшартқа отырды, деп Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

25 жастағы хоккейші мансабының көп бөлігін "Барыста" өткізді.

"Номадқа" оралғанға дейін шабуылшы Pro Hokei Ligasy-да ойнайтын "Торпедо" және "Сарыарқа" командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымның тұрақты чемпионатында Саян 49 ойын өткізіп, 32 (12+20) ұпай жинады және плей-оффтың 4 матчында 1 гол соқты.

Айта кетейік, Саян Данияр 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен болатын.