Максим Самородов ертең Адиевке ұшып барады
Максим Самородов "Ахмат" клубына ауысады
"Ақтөбе" футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ертең Грозный қаласына ұшып барады, ол "Ахмат" командасымен арадағы келісімге нүкте қою үшін келеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі «Инсайды от Карпа» Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
1 тамызда "Ақтөбе" футбол клубының шабуылшысы Максим Самородов Грозныйға медициналық тексеріске барады. Бұл 22 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысының ақтөбелік клубтан "Ахмат" командасына ауысу мәмілесі 900 мың еуроға бағаланады. Самородовтың жаңа командасымен келісімшарт мерзімі 4 жылға көзделген. Ол шабуылдың екі қапталында және орталық шабуылшы ретінде ойнай алады.
Бұған дейін Самородовтың трансфер сомасы бір миллион еуроны құрайды деп хабарланған болатын.