Гафуржан Сүйімбаев рекорд орнатты
Гафуржан Сүйімбаев еурокубоктағы 25-матчын өктізді
Шымкенттік "Ордабасы" командасының қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев еурокубоктағы 25-матчын өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Бұл матч Конференция лигасының екінші іріктеу раундының алғашқы кездесуі болатын. Бұл кездесуде шымкенттік клуб люксембургтік «Дифферданжға» қарсы ойнап, 0:1 есебімен есе жіберді. Сүйімбаев осылайша Қазақстан командаларында 25 матч ойнаған 38-футболшы атанды.
Гафуржан Сүйімбаевтың еурокубоктағы дебюті 2013 жылдың 18 шілдеде павлодарлық «Ертіс» құрамында өтті. Ол боснийлық «Широки Бриегке» қарсы матчта 76-минутта Евгений Аверченконың орнына алаңға шықты және 10 минут ішінде гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Жалпы, Павлодардың «Ертіш» командасында 1 матч өткізді және 1 гол соқты.
"Қайрат" командасында еурокубокта 19 матч ойнаған Гафуржан қазіргі уақытта "Ордабасы" құрамында 5 матч өткізді.