Париж Олимпиадасы: бокстан ширек финалға кімдер шықты?
Ширек финалға шыққан қазақстандық боксшылар қашан жұдырықтасады?
Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының бокс турнирі барған сайын қыза түсуде. Қазірдің өзінде көптеген салмақ категориясы бойынша төртінші кезеңнің қатысушылары анықталды, деп Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Ширек финалға шыққан қазақстандық боксшылар мен олардың қарсыластары:
51 кг. 3 тамыз, сағат 00:20
Сәкен Бибосынов (Қазақстан) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
63,5 кг. 2 тамыз, сағат 00:36
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Лаша Гурули (Грузия)
80 кг. 2 тамыз, сағат 20:22
Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Мурад Аллахвердиев (Әзірбайжан)
92 кг. 1 тамыз, 20:54
Айбек Оралбай (Қазақстан) – Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзірбайжан)
Айта кетейік, осыған дейін бокстан Қазақстан құрамасының үш мүшесі жарыс жолынан шығып қалған болатын. Олар: Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг).