Олимпиада: бүгін Қазақстан атынан кімдер сынға түседі?
1 тамызға арналған Олимпиададағы жарыс кестесі
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының алтыншы күні 8 қазақстандық спортшы сынға түседі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Кесте Астана уақытымен көрсетілген:
12:30. Садақ ату. Ерлер. Жекелей сын
Дәулеткелді Жаңбырбай – Хорхе Энрикес (Колумбия).
13:00. Дзюдо. 1/16 финал. Ерлер
Нұрлыхан Шархан – Тома Никифоров (Бельгия). 100 кг дейін.
Жүлделер 19:00-де сарапқа салынады.
15:00. Оқ ату спорты. Әйелдер. Жекелей сын
Александра Ле/Арина Алтухова
18:30. Бокс. Ерлер. Әйелдер. 1/8 финал
Назым Қызайбай – Каролин Барбоза де Алмейда (Бразилия). 50 кг дейін.
20:54. Бокс. 1/4 финал. Ерлер
Айбек Оралбай – Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан). 92 кг дейін.
21:19. Садақ ату. Ерлер. Жекелей сын
Александр Еременко – Баптист Аддис (Франция).
00:20. Бокс. 1/4 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Лаша Гурули (Грузия). 63.5 кг дейін.