Ерлер

Еурокубок: қазақстандық клубтар келесі айналымға өте ала ма?

Бүгін қазақстандық клубтар еурокубоктық матчтарын өткізеді

Бүгін, 1 тамызда бірқатар қазақстандық клубтар УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы жауапты матчтарын өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Алматыда «Астана» мен молдовалық «Милсами» командалары ойнайды. Сырт алаңда өткен бірінші ойында тең нәтиже (1:1) тіркелген еді. Ойын 19:00-де басталады.

Содан кейін Шымкентте «Ордабасы» люксембургтік «Дифферданж» командасын қабылдайды. Шымкенттік ұжым сырт алаңдағы жеңілістен (0:1) кейін реванш алуға тырысады. Кездесу 20:00-де басталады.

Соңғы матч 21:00-де Қостанайда өтеді, онда «Тобол» швейцариялық «Санкт-Галлен» командасын қабылдайды. Бірінші ойында қазақстандықтар 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.