Күрес

Әлем чемпионы қазақ дзюдошысының адымын аштырмады

Нұрлыхан Шархан екінші кездесуін өткізді

100 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиададағы екінші белдесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан 1/8 финалдық кезеңінде өзбек Музаффарбек Туробоевқа қарсы кездесті. Нәтижесінде өзбек дзюдошысы "иппон" ұпайымен жеңіске жетті.