"Қайраттың" түлегі енді Бірінші лигада доп тебеді
"Қайраттың" түлегі "Түркістанға" ауысты
Алматылық "Қайрат" 19 жастағы қазақстандық шабуылшы Артем Литоштың "Түркістан" футбол клубына ауысқанын мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
19 жастағы шабуылшы биылғы маусымда "Қайрат" жастарында өнер көрсетіп, бірінші лигада 8 матч өткізіп, 4 гол соқты. "Түркістанда" Литош маусымның соңына дейін жалға алу құқығымен ойнайтын болады.