Оңтүстік Корея ұшып жүрген араның арқасында чемпион атанды (видео)
Оңтүстік Корея спортшылары садақ атудан чемпион атанды
Олимпиада ойындарында садақ ату жарысының финалдық кезеңі барысында кореялық спортшы Ким У Джинге стадионда ұшып жүрген ара кедергі келтірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Садақ атудан Қытай мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы жартылай финалдық кезең барысында ұшып жүрген ара кореялық спортшы Ким У Джиннің қолына қонып, оған кедергі келтірді.
Ким У Джин осы атқан оғы дәл ондыққа тиеді. Дереккөздің мәліметінше, Олимпиада кезінде барлық спортшыларға орнатылған арнайы жүрек соғу жиілігін есептейтін мониторда Ким У Джиннің мұндай жағдайда да сабырлы болғанын көрсетті.
Нәтижесінде Оңтүстік Корея садақшылары жартылай финалда қытайлық спортшыларды жеңіп, кейін Олимпиада чемпиондары атанды.