Юсуф Дикеч турнирге ешбір арнайы жабдықсыз қатысты
Нысанаға көздеп атудан Олимпиада ойындары кезінде 51-жасар түрік спортшысы Юсуф Дикеч Парижде сенсация жасауда. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Юсуф жарыс алаңына шығып, ешбір арнайы жабдық қолданбай, бырсық жейдемен қолын қалтасына салып, бір қолмен нысанаға көздеп жүріп күміс алып кетті.
Желі қолданушылары Юсуф жайлы келесідей пікір жазуда:
«Өзгелер Робокоптың кейпіне кіріп, терлеп жүрсе мына Юсуф бір қолын қалтасына салып-ақ күміс алып кетті»
«Парижге демалысқа келген көкелер сияқты. Жолдай жай жүрмейін деп, күміс алып кеткен шығар»