Бокс

Ағайынды Оралбайлар жайлы не білеміз?

Айбек пен Нұрбек Оралбай жайлы қызықты деректер

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалына шығып, нәтижелі жекпе-жек көрсетіп жүрген егіз ағайындылар Айбек және Нұрбек Оралбай жайлы не білеміз? Олар бокстағы спорттық мансабын қалай бастады? 

SportX.kz сайтының деректеріне сүйенсек, ағайынды жігітердің боксқа деген қызығушылығын алғаш рет әкелері ашқан екен. Айбек пен Нұрбектің бірінші жаттықтырушысы-  Асқар Еркебаев болған. 
 

Егіздердің бала кезінде әкелері еркін күреске бермекші болған. Алайда, өмір сүрген аймақтарында бұл спорт түрінен секция болмағаны үшін, жігіттер бокспен айналысып бастаған. 
 

Бокс саласында күш сынасып жүргендеріне 16 жыл болған ағайындыларды көбісі тіпті шатастырады екен. 
 


Бала кездерінде де тыным таппаған қос бауырлар, кейде бір-бірінің орынына рингке де шыққан екен. 

    


Айта кетейік, бүгінгі күні ел намысын қорғап, Қазақстан бокс федерациясының атынан ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбай Париж Олимпиадасына қатысуда.