Үлкен теннис

Уимблдон-2024: Путинцева келесі айналымға өтті

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің екінші айналымында Чехия спортшысы Катерина Синякованы үш сетте ұтып, жарыстың келесі айналымына өтті.

Путинцева алғашқы сетті 6:0 есебімен қарсыласына ешбір мүмкіндік бермей сәтті жапты. Кейін, чехиялық Синякова бір брейк жасап доданы үшінші айналымға созды. Жалпы есеп  6:0, 4:6, 6:2.  Бұл Путинцеваның көгал төсенішіндегі қатарынан жетінші жеңісі.

Путинцеваның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек пен Петра Мартич арасында өтетін матчта анықталады.