Бокс

Қазақстандық боксшы Олимпиадада трансгендермен жұдырықтасады

Биылғы Олимпиадада трансгендер боксшылар жұдырықтасып жүр

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы 57 кг дейінгі бокс бәсекесінде  трансгендер спортшының қатысуына рұқсат берді. Бұл категорияда қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова да өнер көрсетеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Британиялық The Guardian басылымының хабарлауынша, Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Юй-тин 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан гендерлік сәйкессіздік және тестостерон деңгейінің жоғары болуы себепті шеттетілген болатын.

Сол кезде Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) бұл себептерді спортшыны жарысқа қатыстырмауға жеткілікті деп санаған. Алайда, Париждегі Олимпиада ойындарын IBA емес, ХОК ұйымдастырып жатыр. "Жан-жақты қарастырғаннан" кейін ХОК трансгендерлердің жарысқа қатысуы әділдік пен теңдіктің көрінісі деген шешімге келді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Линь Юй-тинмен бір категорияда бақ сынайды. Егер ол медаль үшін күресті бастаса, ерте ме, кеш пе, онымен жекпе-жекке шығуына тура келеді.