Футбол

Еуропада Оразовтың бағы жанбай жүр ма?

«Силькеборг» Еурокубок турнирінен шығып қалды

ФК «Силькеборг» Еуропа Лигасындағы өнерін аяқтады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Даниялық клуб жасыл алаңда «Мольдемен» кездесті. Есеп Оразовтың клубының пайдасына 3:2 болып шешілсе де, қос ойынның нәтижесінде жеңіске жете алмады. 

Бас бапкер Рамазанды ойынның 73-минутында ғана шығарды. Ол негізгі құрамға іліккен жоқ. Алаңға шыққанынан 2 минут болмай Оразов қарсы қақпаға гол соқты. Бірақ, ойынның 78-минутында қызыл қағаз алып, ойыннан шығарылды. 

Осылайша, Оразовтың командасы Еуропа Лигасындағы жорығын аяқтады.