Қазақстандық дзюдошы қыз алғашқы айналымнан аса алмады
Камила Берліқаш алғашқы айналымда есе жіберіп қойды
Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Париж Олимпиадасының алғашқы айналымдағы белдесуінде жеңіліс тапты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
78+ кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Камила Берліқаш Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуін моңғолиялық Амарсайханға қарсы өткізді. Нәтижесінде үш ескерту алған қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды.