Жеңіл атлеттер жарыс жолынан шығып қалды
Қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңінен аса алмады
Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Париж Олимпиадасы аясында биікке секіруден өнер көрсетті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Төртжылдықтың басты бәсекесінде қазақстандық спортшылар Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая биікке секіру бәсекесінде сынға түсті. Бұл жарысқа жалпы саны 32 жеңіл атлет шеберлік байқасты. Финалдық кезеңге үздік шыққан 12 спортшы жолдама алады.
Қазақстандық жеңіл атлеттердің ішінен бірінші болып Надежда Дубовицкая жарыс жолын мерзімінен бұрын тәмамдады. Ол 1,83 метр биіктікті бағындырғанымен, 1,88 метр межеге келгенде сүрінді. Екінші қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева 1,92 метр биіктікті еңсере алмады. Осылайша Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая ақтық сынға өте алмады.