Футбол

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы ауыр ота жасатты

Әділет Садыбеков қазір Германияда емделуде

Лига Кубогы аясында «Таразға» қарсы ойын кезінде «Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы тізе жарақатын алып, дереу ауруханаға жатқызылған болатын. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Ота Германияда жасалды. Маунфред Хаусман атты дәрігер қазақстандық ойыншының отасын сәтті өткізді. 

Биылғы маусымда Садыбеков 18 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.