Жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер мысырлықтарды жеңді

Қазақстандық спортшылар жеңіске жетті

Париж Олимпиадасы аясында қазақстандық семсерлесушілер командалық сында Египетке қарсы кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы 5-8-орындарды сарапқа салу үшін Египет спортшыларымен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық семсерлесушілер 36:21 есебімен басым түсті. 

Бұл жарыста 5-орынды иелену үшін Қазақстан құрамасы Италияға қарсы кездесу өткізеді.