Cәкен Бибосынов өзбек боксшысын тоқтата алмады
Сәкен Бибосынов ширек финалдық кездесуін өткізді
Париж Олимпиадасы аясында қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов ширек финалдық кездесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Ширек финалдық жекпе-жекте қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов өзбек Хасанбой Дусматовпен кездесті. Нәтижесінде өзбек боксшысы 3:2 есебімен жеңді.
Осыған дейін қос боксшы өзара 3 кездесу өткізген. Оның біреуінде Сәкен Бибосынов басым түссе, екеуінде өзбек боксшысы жеңіске жеткен.
Айта кетейік, осының алдында тағы бір қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай жартылай финалға шыққан болатын.