Жаңалықтар

Құрбанов қазақ еліне күміс сыйлады

Қазақстандық гимнаст Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты. 

Бұл сында алтын медальді ирландиялық  Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.

Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).