4 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Олимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінде кімдер күш сынасады?
Бүгін, 4 тамыз күні, Париждегі Олимпиада ойындарында тоғызыншы жарыс күні басталады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Жарыс кестесімен таныс болыңыздар:
Нысана көздеу, ерлер. Тапанша, 25 метр. Іріктеудің алғашқы кезеңі
Никита Чирюкин
Басталуы: 12.00
Стенд ату, әйелдер (скит). Іріктеудің екінші кезеңі
Әсем Орынбай
Басталуы: 12.30
Жеңіл атлетика, кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіру (әйелдер). Бірінші айналым
Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей
Басталуы: 13.05
Жеңіл атлетика, 200 метр (әйелдер). Бірінші айналым
Ольга Сафронова
Басталуы: 13.55
Жеңіл атлетика, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру (ерлер). Бірінші айналым:
Давид Ефремов
Басталуы:14.50
Бокс, 80 келі (ерлер). Жартылай финал
Нұрбек Оралбай - Кристиан Пиналес (Доминикан Республикасы)
Басталуы: 15.52