Футбол

Жаңа бапкердің ықпалы ма? «Барселона» мадридтік «Реалдан» асып түсті

Жолдастық кездесудің нәтижесімен таныс болыңыздар

Кеше түнде «Барселона» футбол клубы мадридтік «Реалмен» доп үшін таласқа түсіп,  жолдастық кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Тартысты ойын каталондықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 

«Көк-қызылдардың» атынан қарсылас қақпаға дубль жасаған ойыншы - Пау Виктор. Ол ойынның 42-ші мен 54-ші минуттарында көзге түсті. 

«Реал Мадрид» сапынан ойынның 82-ші минутында Николас Пас нәтиже көрсетті. 
 

Айта кетейік, биылғы маусымда каталондық клубтың бапкері ауысқан болатын. Хави Эрнандестың орынына Ханс-Диттер Флик келді.