Хоккей

Қазақстандық шабуылшы ресейлік клубқа ауысты

Евгений Рымаревтың мансабында үлкен өзгерістер орын алуда

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Евгений Рымарев «Челниге» ауысты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Ойыншымен біржақты келісімшарт бір жылға жасалған.

Өткен маусымда 35 жастағы хоккейші ҚХЛ-ның тұрақты маусымында «Барыс» сапында 35 кездесу өткізіп, 9 (6+3) ұпай жинаған.