Жаңалықтар

Париж Олимпиадасы: жеңіл атлетикада ерекше рекорд орнады

Олимпиада ойындарында тарихи рекорд орнады

4 тамыз күні Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы 100 метр қашықтыққа жүгіруде медальдар жиынтығы сарапқа салынды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Америкалық спринтер Ноа Лайлс алтын медальға қол жеткізді. Алты дүркін әлем чемпионы жеңісті фотофиниш арқылы ямайкалық Кишан Томпсоннан тартып алды (9,784 және 9,789 секунд). Ямайкалық Облик Севилл соңғы болып мәре сызығын кесті – 9,91 секунд.

Осылайша, Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет 100 метр қашықтыққа жүгіруге қатысқан барлық 8 спортшы 10 секундтан аз уақытта мәреге жетті. Бұл оқиға Олимпиада ойындарындағы 100 метрлік спринт тарихында жаңа белес саналады.