Жаңалықтар

Медаль кестесіндегі көшбасшы ауысты: Қазақстанның нәтижесі қандай?

Қазақстан медаль кестесінде нешінші орында тұр?

2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында медальдық есеп бойынша көшбасшы өзгерді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Бірінші орынға 71 медальмен АҚШ құрамасы шықты, олардың еншісінде 19 алтын, 26 күміс және 26 қола медаль бар.

Алдыңғы көшбасшы Қытай екінші орынға түсіп қалды – 45 медаль (19 алтын, 15 күміс, 11 қола). Үздік үштікті Франция түйіндеп тұр – 44 медаль (12 алтын, 14 күміс, 18 қола).

Қазақстан ұлттық құрамасы 4 медальді еншілеп, 29-орында тұр: 1 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Қазақстан құрамасының медальдары:

Алтын медаль: дзюдошы Елдос Сметов

Күміс медаль: гимнаст Нариман Құрбанов

Қола медаль: дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев және пневматикалық тапанша атудан Александра Ли мен Ислам Сатпаев.