Үлкен теннис

Джокович алтын медаль үшін қанша сыйақы алады?

Әлемнің екінші ракеткасы Новак Джоковичтың сыйақысы мәлім болды

Сербия мемлекеті Олимпиададан алтын жүлдемен оралған әр спортшыға 218 000 доллардан (102 000 000 теңгеден) береді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бұл сомма Еуропа мемлекеттерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде саналады. Бірақ, спортшысына 768 000 доллар көлемінде сыйақы беретін Гонконгтан төмен орында. 

Алтын медаль иегері ретінде Джоковичке мемлекеттік зейнетақы тағайындалады. Ол зейнетке 40 жасында, яғни 3 жылдан кейін шығады.