"Аға лейтенант болып барып, капитан болып оралдым" – Ғұсман Қырғызбаев Қорғаныс министрлігі. Суретте: Ғұсман Қырғызбаевты күтіп алу сәті

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев елге оралды

Бүгін, 5 тамызда ел намысын қорғаған дзюдошыларымызда жанкүйерлер Алматы әуежайынан күтіп алды. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі.

"Маған қолдау білдірген Қазақ еліне алғысымды айтамын. Мен Олимпиадаға аға лейтенант болып барып, капитан шенінде оралдым. Жарысқа әрбір спортшы алтын аламын деп шығады. Мен барымды салдым. Күтпеген жерден қола медальға ие болдық", – деді дзюдошы.

Сондай-ақ Алматы дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады.