Ерлер

"Елімайдың" үздік ойыншысы келесі матчта алаңға шықпайды: себеп неде?

Шина келесі ойында доп тебе алмайды

«Елімай» футбол клубының 28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушысы Шина алдағы Лига кубогының бірінші жартылай финалдық матчында «Астанаға» қарсы ойында алаңға шықпайды, деп Dopmedia.kz тілшісі Kazfootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лига кубогының топтық кезеңінің үшінші турында «Атырауға» қарсы (3:0) өткен ойында Рожерио Алвес Дос Сантос (Шина) екінші ескерту қағазын алған болатын. Бұл ескерту оған келесі матчта, яғни «Астанаға» қарсы ойында қатысуға мүмкіндік бермейді.

Рожерио Алвес Дос Сантос Лига кубогында барлығы 2 матч өткізіп, 1 гол соғып және 1 нәтижелі пас берді.