Олимпиадада Қазақстан туын алып шыққан спортшы соңғы орын алды
Ольга Сафронова мәреге соңғы болып келді
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алу үшін жұбаныш кезеңінде бақ сынады. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Ольга Сафронова 200 метрге жүгіру бәсекесінің жұбаныш кезеңінде өнер көрсетіп, мәреге соңғы – алтыншы болып келді. Ол мәре сызығын 23,70 секундта кесіп өтті.