Бокс

Назым Қызайбай жартылай финалда қашан және кіммен жұдырықтасады?

Назым Қызайбайдың қарсыласы туралы не білеміз?

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшымен жұдырықтасады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Оның қарсыласы – Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы қытайлық Ву Ю Азия.

Бұл отандасымыз Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Қазақстандық боксшы осыған дейін екі мәрте әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынса, бір мәрте қола медаль иеленген. Сонымен бірге Азия чемпионатында топ жарған.

Жекпе-жек 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні 01:00-де басталады.